Внимание: прием и забор документов в офисе в Барселоне (c. Indústria 30) только по предварительной записи
Центр присяжных переводчиков Los Jurados
Узнайте больше информации о нашей компании, чтобы точно разместить заказ у нас
Услуги и цены
Список услуг и актуальная стоимость присяжного перевода в 2024 году
Языки
Основной список языковых пар по которому осуществляется присяжный перевод
Новости центра присяжных переводчиков в Барселоне

Қазақ құжаттарын аудару

Документы СНГ
Барселонада қазақ құжаттарымен жұмыс істеуге келісетін аудармашыны табу қиын әрі ұзақ уақытқа созылатындай көрінуі мүмкін. Сіз осы парақшаға тап болған сәтке дейін ғана. LOS JURADOS сенім артылған аудармашылар орталығы 11 жылдан артық Испанияда құжаттарды аудару саласында мамандануда.

Қазақстанда берілген кез келген — қазақ (орыс) тіліндегі құжаттарды аударуға қабылдаймыз:
  • төлқұжат;
  • туу, неке, бала асырап алу туралы куәлік және басқасы;
  • аттестат, диплом (оның ішінде бағалардың үзінді көшірмесімен) және басқа да білім туралы құжаттар;
  • сотталмағандығы туралы анықтама;
  • банкке арналған құжаттар (жұмыс орнынан анықтама, депозитарлық шоттан үзінді көшірмелер және т.б.);
  • үлгілік емес құжаттарды қоса алғанда, өзге жеке құжаттар.

Қазақстанда орыс тілінде берілген құжаттар
Аудару үшін ең оңай құжат түрі. Ресми аударма алу үшін бірден орыс тілінен испан тіліне сенім артылған аударма жасау жеткілікті. Біздің Барселонадағы аударма орталығымызда Испанияның сенім артылған аудармашылары тізіліміне кіретін мамандар жұмыс істейді, — Сіз Испанияның ресми мекемелеріне, банктеріне, оқу орындарына ұсына алатын аударма аласыз.

Толықтай қазақ тілінде берілген құжаттар
Испанияның Ішкі істер және ынтымастық министрлігінің 2020 жылы өзекті ресми дерекқорында сенім артылған қазақ-орыс аудармашылары жоқ. Сондықтан күрделі, көпкезеңді жұмыс схемасына көшуге тура келеді. Алдымен құжатты қазақ тілінен орыс тіліне аударып, кейін — Қазақстан немесе Ресей аумағындағы мемлекеттік нотариуста куәландыру қажет етіледі. Осыдан кейін Испанияда орыс тілінен (ол нотариалдық куәландыруға байланысты ресми статус алды) испан тіліне сенім артылған аудармаға тапсырыс беріледі.
Маңызды: Испанияда ресми пайдалану үшін нақты сенім артылған аударма талап етіледі. Оны барлық мамандар жасай бермейді. Біздің бюромызда сенім артылған орыс-испан аудармашылары жұмыс істейді.

Аудармаға тапсырыс берушілерге пайдалы кеңестер
Қажетті құжаттардың толық тізімі мен оларды ресмилендіруге, аударуға қойылатын талаптарды нақтылаңыз. Жоғарыда айтылып кеткендей, кейде түпнұсқамен басқа елде жұмыс істеу талап етіледі (мысалы, сотталмағандығы туралы анықтаманы апостильдеу), ал содан кейін ғана аудармаға тапсырыс беріледі.
Барлық құжаттарды жинап, оларды мұқият тексеріңіз. Түпнұсқаларда үзілулер, жазбаларды жауып тұрған дақтар болмауы тиіс. Барлық мөрлер жақсы оқылатын болуы тиіс.
Тексерілген аударма бюросын тауып, құжаттардың бүкіл топтамасын соған тапсырыңыз. Осылайша барлық құжаттарда транслитерацияның бірыңғайлығына қосымша кепіл аласыз. Дайын аударманы қашан алу қажет мерзімді алдын ала келісіңіз.

Клиенттер неліктен LOS JURADOS аудармаларына разы болады
  • Дәл сарапшылық аудармалар. Штатқа білікті сенім артылған аудармашыларды іріктейміз. Мол тәжірибе жинақтадық — 11 жылдан астам құжаттармен жұмыс істейміз. ISO сертификатын алдық.
  • Дұрыс рәсімдеу. Сенім артылған аударманың әр бетінде маманның жеке қолы және нөмірі қойылады.
  • Артық төлемсіз. Үлгілік құжаттар мен анықтамаларға стандартты тариф қолданылады. Бағаларды сайттан қараңыз — жасырын төлемдер жоқ. Біз құжаттар орыс тілінде берілген болса, қазақ құжаттарын аудару үшін үстеме ақы белгілеп, клиенттерді алдамаймыз. Біздің тапсырыс берушіміз тек алдын ала келісілген қызметтерге ғана ақы төлейді.
  • Менеджердің сауатты кеңес беруі.
  • Барселонадағы кеңсе. Аударманы өз қолымен алып кетуге немесе жеткізуге тапсырыс беруге болады.
  • Аудармаға онлайн тапсырыс беру. Біздің сайтымызда нысанды толтырсаңыз болды.
Егер сіз әлі күдіктенсеңіз — Google.Пікірлер тәрізді тәуелсіз сервистерде LOS JURADOS сенім артылған аудармашылар орталығы туралы пікірлерді зерттеңіз. Және міндетті түрде сарапшылық аудармалар алу үшін оралыңыз.